Ірі құрылыс компаниясының бұрынғы экономисі сотталды
Фото: Pexels
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған экономистке қатысты үкім шығарды.
Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады.
«Сотталушы К., ірі құрылыс компаниясында экономист бола отырып, «1С бухгалтерия» базасы арқылы контрагенттер тізіміне жұбайының атына рәсімделген фирманы қосқан. Содан соң ақша қаражатын аудару мақсатында төлем жасау үшін аталған фирмадан бухгалтерияға жарамсыз шоттар берген. Осылайша, жұмысты орындамай және қызмет көрсетпей, құрылыс компаниясының шотынан сотталушының жұбайының фирмасының шотына 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 73,3 млн. теңгеден астам ақшалай қаражат және 2022 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында 26,8 млн.теңге аударылған» делінген хаттамада.
Құрылыс компаниясына жалпы сомасы 100 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. Сотта сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда, оның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ақша аударымдары туралы мәліметтермен, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, букмекерлік кеңсенің жауаптарымен дәлелденді.
Прокурор айыпты қолдап, соттан бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жаза ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны көздейді. Сотталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының болуы танылды. Сот үкімімен сотталушы К. 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық