Ірі көмір компаниясының басшылығы Құлыбаев кеткен соң толығымен ауыстырылды
Фото: Elements.envato.com
Қарағанды облысындағы Шұбаркөл көмір кенішін игеріп отырған «Шұбаркөл Премиум» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев құрылтайшылар қатарынан кеткеннен кейін толықтай өзгерді, деп хабарлайды Orda.kz.
KASE-те жарияланған құжатқа сәйкес, «Шұбаркөл Премиум» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінен оның бұрынғы төрайымы Луиза Ақанова мен қоса 4 басқарушы кеткен. Олардың орнына компанияны басқаруға жаңа директорлар кеңесінің төрағасы Бауыржан Райымбеков келді. Сонымен қатар,тәуелсіз директорлар орнына Нұрлан Мәжен (ШҚО Согринск ТЭЦ-інің директоры болған), Дінмұхамед Мүсірәлиев, Әбілүміт Рахматулаев және Әнет Шыныбаев келді.
Айта кетейік, бір апта бұрын «Шұбаркөл Премиум» акционерлік қоғамының иелері өзгергені туралы белгілі болды. Тимур Құлыбаев, бұл компанияның 67%-ын Joint Resources фирмасы арқылы иеленіп отырған, өзінің үлесін екі ықпалды кәсіпкерге — Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимовқа сатты.
«Шұбаркөл Премиум» -ның1 шілдедегі есептік көрсеткіші бойынша 6,3 миллиард теңге таза шығыны бар. Компанияның жалпы жиынтық активтері — 72,3 миллиард теңге.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық