Иранның жоғары шенді әскери басшысы туралы резонанс ақпарат тарады
Исмаил Каани. Фото: iranwire.com
Араб медиасында Иранның жоғары шенді әскери басшысы – Исмаил Каани туралы резонанс ақпарат тарады. Әмірліктердің The National басылымы расталмаған деректерге сүйеніп, Ислам революциясы сақшылары корпусы құрамындағы "Әл-Құдс" арнайы бөлімшесінің жетекшісі тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталып, кейін өлім жазасына кесілгенін хабарлады.
Басылым келтірген мәліметке сәйкес, Каани Израильдің барлау қызметі – Моссад пайдасына жұмыс істеді деген айып тағылған. Кейбір дереккөздер оны бұған дейін ИРСК тергегенін жазды.
Алайда бұл ақпаратты ресми Тегеран растаған жоқ.
The National Каанидің кейінгі екі жылда "қасындағылар қаза тауып жатқанда аман қалуымен" танылғанын атап өтеді. 2024 жылы Израильдің Бейрутқа жасаған соққыларынан кейін генерал біраз уақыт байланысқа шықпай, "із-түссіз жоғалды" деген хабар тараған. Бірақ кейін ол көпшілік алдына шығып, қызметін жалғастырған.
Қазіргі таңда Исмаил Кааниге қатысты "тыңшылық" және "өлім жазасы" туралы мәліметтер расталмаған күйде қалып отыр. Тегеран тарабынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық