Иранның шабуылы үдеді: Зымыран Беэр-Шевадағы ауруханаға түсті
Фото: Report
Таңғы сағат 7 шамасында Израиль қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) Иранның зымыран шабуылы басталғанын мәлімдеп, бүкіл ел бойынша әуе дабылын қосты, деп хабарлайды Orda.kz.
The Times of Israel ақпараты бойынша, зымырандардың бірі елдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева қаласындағы «Сорока» ауруханасына түскен.
Жергілікті БАҚ ауруханадан түсірілген бейнежазбаларды жариялап үлгерді. Залал көлемі анықталып жатыр. Жарақат алғандар туралы ресми ақпарат әзірге жоқ.
Шабуылдан кейін Израильдің орталық және оңтүстік бөлігінде кем дегенде төрт зымыранның құлаған орны анықталды. Тель-Авив, Рамат-Ган және Холон қалаларындағы бірнеше ғимаратқа тікелей соққы тиген.
Ynet порталының хабарлауынша, Холонда үш адам, Рамат-Ганда он екі адам жарақат алған.
Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранның қарулы күштерінің бас штабының жаңа басшысы болып тағайындалған Иран генералын Әли Шадманидің көзін жойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық