Елімізге Ираннан 1,7 млрд теңгелік темекіні заңсыз кіргізбекші болған
Маңғыстау облысында 1,7 млрд теңгеге Ираннан темекі контрабандасы фактісі ауыздықталды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ираннан темекінің Қазақстан аумағына контрабандасын жүзеге асырған қылмыстық топтың іс-әрекетін тоқтатты.
Тергеу барысында Ақтау қаласының «Теңіз порты» кеден бекеті бастығының қамқорлығымен Ираннан керамикалық плита мен томат пастасы деген желеумен 30 контейнер темекі заңсыз тасымалданғаны анықталды.
– Заңсыз темекі контрабандасына көмектескені үшін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне ақшалай сыйақы ұсынылды. Тәркіленген темекінің кедендік құны 1,7 млрд астам теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар - 4,8 млрд теңге болды, - деп хабарлады қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Негізгі ұйымдастырушы мен лауазымды тұлға 10 жылға, заңсыз әрекеттердегі үш сыбайлас 5 жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық