Ирандағы жойқын жарылыс ондаған адамның өмірін жалмады: Тоқаев көңіл айтты
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран көшбасшысы Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портында отын резервуары мен жанғыш химикаттар қоймасы жарылды. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер саны 700-ден асты, кем дегенде 14 адам қаза тапты.
Биліктің пікірінше, апат химиялық заттардың дұрыс сақталмауынан болған.
Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып, қайғылы оқиға салдарын еңсеруді тіледі.
Еске салсақ, Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи теңіз портының аумағында болған қатты жарылыс нәтижесінде порт құрылыстарының бірі құлады. Сондай-ақ порттағы әкімшілік ғимарат зақымданған.
Белгілі болғандай, отын резервуары мен жанғыш химикаттар қоймасы жарылысынан кемінде бір шақырым қашықтыққа зиян келген.
Зардап шеккендер саны үнемі артып келеді. Оларды жақын маңдағы медициналық орталықтарға жеткізеді. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, порттағы барлық жұмыс тоқтатылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық