Ирандағы елшілік Қазақстан азаматтарын дайын болуға үндеді
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның Ирандағы елшілігі еліміздің азаматтарына ресми үндеу жариялады. Иран аумағында жүрген қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылды. Ирандағы елшілік Қазақстан азаматтарына «дайын болуға» үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Хабарламада Иран аумағынан шығу тәртібі туралы ақпарат берілген.
«Иран әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты, Иран аумағынан Әзірбайжан, Армения, Түркия және Түрікменстан бағытындағы құрлық шекаралары арқылы шығу мәселесін пысықтау үшін Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз» деп жазылған шұғыл хабарламада.
Осыған байланысты СІМ төмендегі ұсынымдарды қатаң сақтауды сұрады:
- адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
- жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
- қажетсіз сапарларды шектеу;
- жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру;
- туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу;
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына жеке жолдаулар жолдап, осы елдердің халықтарына ауыр сын-қатер кезеңінде шынайы қолдау мен ынтымақтастық білдірді.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев өңірдегі шиеленіске қатысты Парсы шығанағы елдері көшбасшыларына жолдау арнады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
- Air Astana 4 наурызға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық тұрақты рейстерін тоқтатты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық