Ирандағы тәртіпсіздік: ирандық қыздың өлімі соққыдан болған жоқ
Иранның сот медицинасы хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция ұстаған қыздың неліктен қайтыс болғанын түсіндіретін есеп шығарды. Оның өлімі елде толқулар тудырды.
Сот-медициналық сараптама ұйымының есебінде Махса Аминидің өлімі басынан немесе денесінің басқа бөліктерінен алған соққылардан болмағаны айтылған.
«Мидың және өкпенің компьютерлік томографиясын зерттеу, денені зерттеу және мәйітті зерттеу, өлгеннен кейінгі зерттеулер нәтижелері көрсеткендей өлім басына немесе дененің басқа да маңызды мүшелеріне соққы нәтижесінде болмаған» делінген IRNA хабарламасында.
Хабарламада қыздың 8 жасында миына ота жасалғаны айтылған. Оқиғаның басты себебі осы жағдай болуы мүмкін.
«13 қыркүйекте Амини кенеттен есін жоғалтып, жерге құлады. Жүрек ырғағы бұзылып, қан қысымы төмендеген. Тиімсіз жүрек-өкпе реанимациясы церебральды гипоксияның дамуына әкелді. Науқас көптеген мүшелердің жетіспеушілігінен қайтыс болды» делінген хабарламада.
Ал, бірнеше аптадан бері оқтын-оқтын көшеге шығып, тәртіпсіздіктер ұйымдастырып жүрген наразылар бұл нұсқаға аса сенбейді. Еске салайық, Махса Амини хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын. Онда ол есін жоғалтып, бірақ әлі тірі кезінде ауруханаға жеткізілді. Екі күннен кейін қыз қайтыс болды, содан кейін елдегі жүздеген әйелдер оқиғаға қарсылық ретінде орамалдарын жұлып алып, өртеп жіберген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық