Ирандағы Махса Аминидің туған жерінде ереуіл болып жатыр
Иранның Күрдістанындағы Секкез қаласының кәсіпкерлері ереуілге шықты. Бұл қамауға алынғаннан кейін өлімі үкіметке қарсы кең ауқымды наразылықтарға себеп болған Махса Аминидің туған жері. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Секкезде дүкендер мен қызмет көрсету орындары жабылған.
Биліктің бұл әрекетке реакциясы хабарланбады. Сенбі күні Германия канцлері Олаф Шольц Иранды наразылық шерулерін басып тастағаны үшін жаңа санкциялармен қорқытқан болатын.
Еуропалық Одақ қазірдің өзінде бірқатар санкциялар пакетін қабылдады.
— Біздің назарымыз өз халқына жасалған зорлық-зомбылық үшін жауаптыларға бағытталған. Бұған қоса жаңа санкциялар келесі аптада қабылдануы керек. Біз Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен саяси басшылыққа қысымды арттырғымыз келеді. Біз кінәлілерді жауапқа тарту үшін дәлелдемелерді жинау жұмысын қолдаймыз, - деген Германия канцлері Олаф Шольцтың сөзін Euronews.com келтіреді.
Ирандық құқық қорғаушылар қыркүйектің ортасынан бері наразылық шерулерін басып-жаншу кезінде кем дегенде 326 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Үкімет қауіпсіздік күштері арасында қаза тапқандар туралы хабарлады.
Бұған дейін Orda.kz сайты Махса Аминидің тарихы мен ирандық наразылық білдірушілер не үшін күресіп жатқаны туралы сараптама материал жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық