Ирандағы азаматтық наразылықтар 15 күннен бері жалғасып жатыр
Адамдар қоқыс жәшіктерін өртеп, көшеге тосқауыл тұрғызуда. Наразылықтар хиджабты дұрыс кимегені үшін полицей ұстаған 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін басталды.
Ислам Республикасындағы соңғы екі күн салыстырмалы түрде тыныш өтті, бірақ кеше түнде елдің көптеген қалаларында наразылық шерулері қайта жанданды, бұл жаңа тәртіпсіздіктердің басталуына түрткі болды.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, наразылық акциялары 1 қазан күні Иран астанасы Тегеранда, сондай-ақ Сенандедж, Шехр Корд, Шахиншахр, Эрак, Букан, Бабол, Каредж, Мешхед және Керманшах қалаларында түнге дейін жалғасты. Демонстранттар қоқыс жәшіктерін өртеп, жолға тосқауыл қойып, көшелерде от жағуда.
Бірқатар қалаларда шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болып, полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Қауіпсіздік күштері сот билігі бұйрығымен наразылық білдірушілерді «қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіргені үшін» тұтқындау мен қамауға алу толқынын бастады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2 мыңға жуық адам ұсталды, олардың арасында студенттер, танымал тұлғалар мен журналистер бар.
Иранда 17 қыркүйекте ауқымды наразылықтар басталды. Тәртіпсіздік жоғарыда айтылған қыздың өлімінен кейін басталды. Бұған жауап ретінде Иранның ондаған қаласының тұрғындары көшеге шықты. Мемлекеттік телеарна 24 қыркүйекте наразылық зорлық-зомбылыққа ұласып, кем дегенде 41 адамның, соның ішінде қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері де қаза тапқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық