Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
Фото: pixabay.com
Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы кім болатыны анықталды. Бұл туралы Mehr News Agency агенттігі Сарапшылар кеңесінің бір мүшесіне сілтеме жасап хабарлады, деп мәлімдейді Orda.kz.
«Дауыс беру, жазбаша сауалнамалар, кеңесулер және Басшылық жөніндегі Сарапшылар кеңесі мүшелерінің көптеген отырыстарының нәтижесінде, алғашқы күндердің өзінде-ақ мүшелердің басым бөлігі лайықты әрі бұл лауазымға әбден сәйкес келетін тұлғаға тоқтады…» деп жазылған хабарламада.
Алайда Кеңес мүшелерінің көпшілігі таңдаған жаңа көшбасшының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Иран Сарапшылар кеңесі төрағасының орынбасары Хоссейни Бушери жаңа жоғарғы көшбасшыға қатысты түпкілікті шешім жақын арада жарияланатынын айтты.
«Сарапшылар кеңесі жақын уақытта хатшылық арқылы Ислам Республикасының жүйесіндегі үшінші көшбасшыны таңдау және ұсыну процесі жөніндегі соңғы есепті ресми түрде жариялайды».
Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысының тегі Хаменеи болып қала береді, деп мәлімдеді аятоллалар кеңесінің мүшесі деп Sky News хабарлады.
Әңгіме қаза тапқан Әли Хаменеидің ұлы — Моджтаба Хаменеи туралы болуы мүмкін.
Дегенмен жаңалық шығысымен Трапм та қалыс қалмай, өзінің қолдауынсыз жаңа көшбасшы ұзақ отырмайтынын әдеттегідей әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап үлгерді.
Қазір елді уақытша арнайы кеңес басқарады. Оған Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям-Хосейн Мохсени-Эжеи және Конституция сақшылары кеңесінің мүшесі Әлиреза Арафи кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Әли Хаменейдің қайтыс болғаны 1 наурызда белгілі болды. Ол американдық-израильдік зымырандардың шабуылы кезінде қаза тапты. Иранда 40 күндік аза тұту жарияланды. Кейіннен Иранның билікті транзиттеу рәсімін бастағаны белгілі болды.
Бірнеше күн бұрын Иран БАҚ-ы ықтимал мұрагерлерді талқылай бастады. Iran International басылымы Сарапшылар ассамблеясы оның ұлы Моджтаба Хаменеи таңдалуы мүмкін деп хабарлады, бірақ бұл ақпарат әлі күнге дейін ресми расталған жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Иранда жоғарғы көшбасшы бойынша консенсус жарияланды
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық