Иранда шерушілерге қолдау көрсеткен актриса қамауға алынды
Сурет: euronews.com
Иран билігі елдің ең танымал актрисаларының бірін шерушілерді қолдайтынын білдірген соң қамауға алды.
Актриса Таране Алидости Иран үкіметінің тәртіпсіздіктерді басу әрекетін ашық сынады, деп хабарлайды BBC. Ол қараша айында наразылық білдірушілермен ынтымақтасып, Instagram желісінде хиджабсыз түскен суретін жариялады. Бірақ актриса үкіметке қарсы шерулерге қатысқан адамның өлім жазасына кесілгенін айыптаған интернеттегі жазбасынан кейін қамалды.

38 жастағы әйел өз жазбасында халықаралық ұйымдарды Мохсен Шекариді өлім жазасына кесуге кедергі жасамағаны үшін сынға алды. Мохсен Шекариді 8 желтоқсанда үкіметті қолдайтын әскерилендірілген Басидж тобының мүшесіне шабуыл жасады, сондай-ақ Тегеран көшелерінің бірінде көлік қозғалысына кедергі жасады деп айыпталып, дарға асылды.
«Оның аты Мохсен Шекари болатын. Осы қантөгісті қадағалап, ешқандай шара қолданбайтын кез келген халықаралық ұйым адамзат үшін масқара» деп жазды актриса.
Осыдан кейін әйелге елді шарпыған наразылық туралы «өтірік ақпарат таратты» деген айып тағылды. Актрисаның 8 миллионнан астам жазылушысы бар аккаунты жойылды.
Алидости Ирандағы ең танымал актрисалардың бірі екені белгілі. Ол «Коммивояжер» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдап, 2016 жылы «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында Оскар сыйлығын жеңіп алған болатын.
Осы уақытта Иранда наразылық шаралары жалғасуда. Барлығы 22 жастағы Махса Аминиді 16 қыркүйекте исламдық киім үлгісін бұзды деген айыппен ұсталып, полиция бөлімінде қайтыс болғанынан кейін басталды.
Осыдан кейін биліктің озбырлығына наразылық білдірген әйелдер, университет студенттері, тіпті мектеп оқушылары көшеге шықты. Иран билігі наразылық шерулерін жаппай тәртіпсіздік деп атап, барлығына өздерінің басты қарсыласы – АҚШ-ты айыптады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мыңдаған наразылық білдіруші, оның ішінде ғалымдар мен журналистер қамауға алынған.
Ақпарат агенттігінің (Human Rights Activists’ News Agency) хабарлауынша, осы уақытқа дейін қауіпсіздік күштері кем дегенде 488 демонстрантты өлтіріп, тағы 18 259 адамды тұтқындаған. Қауіпсіздік күштерінің 62 қызметкері қаза тапқан.

Билік екі адамды «Құдайға дұшпандық жасады» деген айыппен өлім жазасына кесіп үлгерді. Иран заңы бұл қылмысты қарумен адам өміріне немесе қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіру деп сипаттайды.
Құқық қорғау топтары наразылық білдірушілерді өлім жазасына кесетін сот процестері тиісті құқықтық негізде өтіп жатыр деп сендіреді.
Желтоқсан айының басында Amnesty International ұйымы тағы 18 наразылық білдірушіге өлім жазасы қаупі төнгенін мәлімдеді. Олардың 12-сі қазірдің өзінде сотталып, өлім жазасына кесілген болса, қалғандары сот үкімін күтіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық