Иран Газа секторына көмек жіберуге кедергі жасамауға шақырды
Иран Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдардан Газа секторы тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберуге қойылған барлық шектеулерді алып тастауға көмектесуін сұрады, деп хабарлайды Orda.kz
Иран Сыртқы істер министрлігінің сайтында Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахианның үндеуі жарияланды. Ол мұны Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мәлімдеді.
Амир Абдоллахиан Газа секторы мен Палестина аумақтарында әйелдер, балалар мен босқындар өлімін тоқтату үшін жауапты халықаралық институттардың дереу әрекет етуі, сондай-ақ еш шектеусіз Газа секторының барлық аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберу қажеттігін атап өтті.
Хамас саяси бюросының басшысы Иран дипломатиясының өкілімен сұхбатында халықаралық қауымдастықты «Израильдің адамгершілікке жатпайтын сионистік режимінің Газа секторы тұрғындарына қарсы жүргізіп отырған жаппай қырып-жою және ашаршылық саясатына» қарсы тұруға шақырды.
Сондай-ақ Дохада атысты тоқтату туралы келісімге қатысты Хания келіссөздердің ықтимал үзілуіне жауапкершілік Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуда болады деп санайды. Израиль аймақтағы қақтығыстың шиеленісуіне себеп болған қазандағы лаңкестік әрекетке қатысы бар БҰҰ-ның 11 қызметкерінің тізімін ұсынғаннан кейін АҚШ, Жапония, Канада және бірнеше ел Газа секторын қаржыландыруды тоқтатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық