Ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынады
Қазақстанда бұдан былай ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған баспананы жеке атқарушылық іс жүргізуден тыс өндіріп алуға тыйым салынады.
Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасова айтты. Заңнамалық түзетулерді Әділет министрлігі енгізбек.
— Қазіргі уақытта кепіл мүлкін, оның ішінде жылжымайтын мүлікті сату рәсімдері жылжымайтын мүлік ипотекасы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және ҚР Азаматтық процестік кодексімен регламенттелген. Кепіл мүлкін өткізудің қолданыстағы практикасына жүргізілген талдау өткізу рәсіміне және сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын қазіргі талаптар аукционның ашықтығын және өткізілетін мүлікке баға белгілеудің объективтілігін қамтамасыз етпейтінін көрсетті, – дейді Әбілқасова.
Жаңа заң жобасында азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша мынадай қосымша іс-шаралар көзделген:
- мүлікті кепіл берушінің үш айлық мерзімінде өз бетімен өткізуін кепіл мүлкін сот арқылы және соттан тыс өткізу аясында міндетті рәсім ету, өткізу құнының шегін кемінде 75 пайыз және бағалау күнінен 6 айдан аса уақыт өтпеген кепілдің бағалау құнының 100 пайызынан артық болмайтындай етіп белгілеу;
- атқарушылық іс жүргізу аясында тұрғын үй жылжымайтын мүлкін сатуды төмендетудің шекті өлшемін бағалау құнының 75 пайызынан кем болмайтындай етіп белгілеу;
- кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті сот арқылы немесе соттан тыс өткізу аясында оның ішінде кредиторға, оның қызметкерлеріне және үлестес тұлғаларына; егер сауда-саттықтың екінші қатысушысы оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) болса жеке тұлғаның сауда-саттыққа қатысуына тыйым салу;
- ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған тұрғын үйді жеке атқарушылық іс жүргізуден тыс кепіл ұстаушылардың немесе сот орындаушыларының өтініштері бойынша өндіріп алу мүмкіндігін болдырмау;
- бағалаушылардың біліктілігі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту;
- жеке тұлғаның баспанасымен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыздар бойынша кепіл құнына қатысты берешектің мардымсыздығын айқындау шегін ұлғайту.
Қазіргі таңда ҚР Әділет министрлігі тиісті түзетулерді одан әрі осы жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу үшін 2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне енгізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық