iPhone 17-нің қандай жаңа ерекшеліктері бар
Фото: Apple.com
Apple компаниясы жаңа өнімдерін – iPhone 17, iPhone 17 Pro және iPhone Air ұсынды. Қандай жаңашылдықтар бар, бағалары қандай болатыны туралы Orda.kz мақаласында.
iPhone Air
Apple компаниясы жаңа iPhone Air моделін таныстырды. Бұл – қалыңдығы небәрі 5,6 мм, салмағы 165 грамм болатын, тарихтағы ең жұқа әрі ең жеңіл iPhone. Құрылғы жұқа болғанымен, оған қуатты A19 Pro чипі орнатылған.
«iPhone Air ішінде қуатты A19 Pro чипі орнатылған. Ол Apple Intelligence, ресурсы көп қажет ететін ойындар және «Фото» қосымшасындағы «Тазарту» функциясын жеңіл әрі жылдам орындауға мүмкіндік береді» деп жазды Apple.
Жаңа құрылғы 6,5 дюймдік кең дисплеймен, 48 мегапиксельді Fusion камера жүйесімен және 2 есе оптикалық зуммен жабдықталған. Қолданушыға үйренісіп кеткен үш камера iPhone Air-де жоқ, тек бір камералы Smile камерасы бар.
Бағасы: 256 ГБ үшін 999 USD бастап.

iPhone 17 Pro және 17 Pro Max
iPhone 17 Pro және 17 Pro Max модельдеріне дизайн толық жаңартылды. Енді бұрынғыдай төртбұрышты камера блогы емес, көлденең орналасқан заманауи камера жолағы бар.
iPhone 17 Pro моделінде A19 Pro чипінің өнімділігін тұрақты сақтау үшін алғаш рет Apple арнайы булы салқындату жүйесін қолданды.
«Құрылғының ішкі құрылымы қайта жасалып, аккумуляторға арналған кеңістік ұлғайтылды. Соның нәтижесінде iPhone 17 Pro Max бір қуатпен iPhone 15 Pro Max-пен салыстырғанда 4 сағатқа ұзақ жұмыс істей алады. Бұл ұзақ сапарларда, жұмыс уақытынан тыс немесе бейне көру барысында үлкен артықшылық береді» деп жазды Apple.
Жаңа модельде видео стабилизациясы жетілдіріліп, кинематографиялық сапада түсірілім жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрылғы кәсіби деңгейдегі түсірілім процестерімен үйлесімді жұмыс істейді, бұл оны бейне мамандар мен контент жасаушылар үшін таптырмас құрал етеді.
ProRes RAW қолдауы iPhone 17 Pro-ның басты ерекшеліктерінің бірі. Бұл – Apple технологиясы негізінде жасалған жоғары сапалы видеокодек, түсірілім кезінде бейне сапасын жоғалтпай, кадрлармен нақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бағалары:
- iPhone 17 Pro 256GB – 1099 USD бастап
- iPhone 17 Pro Max 256GB – 1199 USD бастап

iPhone 17
Стандартты iPhone 17 моделінде бірқатар маңызды жаңартулар бар. Жаңа смартфон 6,3 дюймдік ProMotion дисплеймен жабдықталған – экранның жаңару жиілігі 120 Гц, бұл анимация мен интерфейс жұмысын айтарлықтай жылдам әрі тегіс етеді.
Камера жүйесі – Dual Fusion: екі негізгі камерасы да 48 мегапиксельден, жақын және алыстан түсіруде жоғары сапа береді.
Ең басты жаңалықтардың бірі – бастапқы жады енді 128 ГБ емес, 256 ГБ.
Бағасы: iPhone 17 256GB – 799 USD бастап

Алдын ала тапсырыс 12 қыркүйекте apple.com сайтында басталады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық