Иордания алапесті жеңген әлемдегі алғашқы ел атанды
Фото: Elements.envato.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) мәлімдемесінде Иордания алапесті (лепра) жеңе алған әлемдегі алғашқы ел атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Иорданияны ауруды алғаш жеңген ел атануымен құттықтады.
«ДДCҰ Иорданияны осы керемет жетістігімен құттықтайды. Алапес мыңдаған жылдар бойы адамзатқа кесірін тигізді. Енді біз оның елден елге таралуын тоқтатып, жеке адамдар мен отбасыларды осы ауру құрсауынан құтқарамыз», – деді ДДCҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейcус.
Хансен ауруы деп те аталатын алапес «Mycobacterium leprae» микобактериясынан туындайды. Ол теріге, нервтерге және шырышты қабаттарға әсер етеді. Егер адам уақтылы емделмесе, ауыр зардабын шегеді. Алапеспен күрестегі жетістіктерге қарамастан, ауру әлі де әлемнің 120-дан астам елінде кездеседі.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарасақ, 10 жыл ішінде елімізде үш жағдай болған. Ал аурумен қайта ауырып қалған екі науқас бар. 2024 жылдың басында Қазақстанда 246 науқас және сол науқастармен қарым-қатынаста болған 222 адам бар. Бұл ауруды Қызылорда облысындағы республикалық лепрозорияда емдейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық