Интерпол LRT ісіне қатысты күдіктілердің бірін тапты
Фото: Orda.kz
Интерпол Астанадағы LRT құрылысындағы жемқорлық бойынша күдіктілердің бірін іздеп тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтің ісін жүргізген прокурор Айжан Аймағанова өз Instagram парақшасында жариялады. Оған Астана қаласы прокурорының орынбасары Азамат Ермаханов жағдайды баяндапты.
Азамат Ермахановтың айтуынша, интерпол күдіктілердің біреуі қазіргі таңда Батыс елдерінің бірінде жүргенін мәлімдеген. Алайда құқық қорғау органдары күдіктінің нақты кім екенін айтпады. Ол адамды экстрадициялау бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр екен. Күдікті 2023 жылдан бері іздеуде болған. Тергеу барысында оның қылмыстық топқа қатысы бары анықталған.
Еске салайық, осы қылмыстық іс бойынша Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланған еді.
Сонымен қатар Астана әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысында LRT қыркүйек айында жұмысын бастайтынын айтқан.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты