Интернет сапасы нашар операторларға айыппұл салынады — Мусин
Еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасын жақсартуға қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды ORDA тілішісі.
Түркістан облысына сапары кезінді бірнеше елді мекенде болған Бағдат Мусин интернет сапасына байланысты біраз шағым түскенін йтты.
— Бірінші кезекте, Жусансай ауылына бардым.Тұрғындар интернет жылдамдығының қалай жұмыс істеп, онымен балалардың қалай оқып жатқаны туралы айтып берді. Сол жерде байланыс сапасына өлшедік. Бұл ауыл «250+» бағдарламасы шеңберінде байланыспен қамтамасыз етілген . Өкінішке қарай, оның бәрі тек қағаз жүзіндегі есепте ғана солай болып шықты. Байланыс сапасын жақсарту қажет, - деп жазды Мусин өзінің Facebook парақшасында.
Өлшеу жүргізілгеннен кейін, құжат толтырылып, сапасыз интернет үшін байланыс операторларына айыппұл салынды.
— Біз сапаны қолайлы деңгейге жеткізгенге дейін айыппұл салуды жалғастыра береміз. Аталған ауылдағы интернет сапасын маусым айына дейін жақсартуға уәде берілді. Бірақ келіссөздер нәтижесінде операторлар сәуір айында барлық мәселелерді шешуі тиіс деп келістік. Мен байланыс сапасына қойылатын минималды талаптар дұрыс шешім екеніне тағы бір рет көз жеткіздім! Бұйрықта біз жылдамдықтың ең төменгі көрсеткіштерін 3G - 1 мбит/с кем емес, 4G - 5мбит/с кем болмасын деп белгіледік, - деді Мусин.
Сондай-ақ, министр операторлар халыққа жылдам интернет ұсына алмаса, белгіленген заң аясында оларға шара қолданылатынын тағы ескертті.
— Біз құзыретті мемлекеттік органдармен бірге байланыс қызметтеріне бағаны егжей-тегжейлі талдау бойынша жұмыс жүргізуге дайынбыз, - деп мәлімдеді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық