Инсультты ерте анықтауға арналған рентгенологиялық бағдарлама енгізілді
Алматыда №7 клиникалық ауруханада ишемиялық инсультпен ауыратын науқасқа «Церебра» инновациялық бағдарламасын қолданып ота жасалды, деп хабарлайды аурухана бөлімі.
Инновациялық жобаны алматылық ІТ-мамандар тобы құрды.
«Алматыда №7 қалалық клиникалық ауруханада жасанды интеллект көмегімен инсультты ерте анықтауға арналған рентгенологиялық бағдарлама енгізілді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы ТМД аумағында тұңғыш рет жасалып отыр. Алдымен науқас компьютерлік томографияға түседі. Артынша Cerebra бағдарламалық жасақтамасында өңдеуден өтеді», - делінген хабарламада.
Бірегей ота жасалған пациент жедел көмекке келгенде оның сол жақ аяқ-қолдары мүлдем қозғалмайтын.
«Ол Церебра бағдарламасы арқылы мәліметтерді өңдейтін компьютерлік томографиядан өтті. Мидың оң жақ ортаңғы ми артериясына шұғыл механикалық тромбоэкстракция жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде науқас толық есін біледі. Аяғының қозғалыстары толық қалпына келді. Ал қолында әлі де әлсіздік . Науқас оңалтуға дайындалып жатыр», - деді №7 Қалалық клиникалық аурухананың қан тамырлары нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Рауан Қастей.
Ол инсульттен кейінгі церебральды қан айналымы 4-5 сағат ішінде қалпына келетіндігін айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, автоматтандырылған платформа 5-10 минут ішінде инсульт қаупін анықтайды және ми қан тамырларындағы өзгерістерді тез есептейді.
«Мұндай клиникалық диагностикалық бағдарлама инсультті ерте сатысында анықтауға, ишемиялық зақымдану аймағын бірден тануға, терапевтік терезенің нақты уақытын есептеуге, хирургия немесе тромболитикалық терапияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтауға және инсультпен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеуде қажет басқа да көптеген функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті аурухана қызметкерлері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық