Инстаграмға қазақ әндері қашан қайтады? - Министрлік жауабы
Фото: Pexels
Жуырда Meta компаниясы қазақ әндерін инстаграмға қайтаруы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықова айтты. Ол инстаграмнан қазақ әндерінің жойылып кетуіне қатысты мәлімдеме жасады.
Вице-министрдің айтуынша, инстаграмға иелік ететін Meta компаниясы қазақстандық әртістердің авторлық құқықтарын қорғау үшін ұжымдық басқару ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Себебі 2025 жылға арналған келісімшартты қайта қарау кезінде мәселе туындаған. Жақсылықованың сөзінше, келіссөздер әлі жүріп жатыр, алайда олардың қашан аяқталатыны белгісіз.
Бұл ұйымдар мен инстаграм арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар болғандықтан әділет министрлігі бұл келіссөздерге араласпайтынын мәлімдеді.
«Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, бұл жағдай қоғамда, соның ішінде инстаграм қолданушылары арасында үлкен резонанс туғызғанын ескере отырып, Meta компаниясына жүгінгенбіз. Олар келісімшарт талаптарын жариялай алмайтынын, бірақ жақын арада ортақ келісімге келеді деп үміттеніп отырғанын айтты», – деді Жақсылықова.
Айта кетсек, былтыр желтоқсанның басында инстаграм әлеуметтік желісінен қазақ әндері жойылып кеткен еді. Мәселе тарифтер мен төлемдер мөлшеріндегі даудан туындаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық