Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

cover

Үкімет қаулысымен Тимур Қарағойшин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары болып тағайындалды.

7 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Тимур Қарағойшин бұрын атқарған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.


Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапа менеджменті университетін бітірген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар