InDriver жүргізушісі қызды зорлап, жазадан құтылып кеткен
Оралда InDriver такси жүргізушісі танысымен бірге 3-курс студентін зорлап кеткен. Полицейлер қылмыскерлерді куәгер ретінде босатып жіберген.
Бұл туралы Orda.kz Уральская неделя басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Зардап шегушінің адвокаты әділдік іздеп, облыстық прокуратура мен БҚО полиция департаментіне шағымданған.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 7 тамыз орын алған. Жәбірленуші құрбысының үйінен кеш қайтып, такси шақыртқан.
– Көліктің ішіндегі екінші адамды тағы бір жолаушы екен деп ойладым, - дейді қыз.
Бойжеткен арам ойсыз аялдамадан таксиге отырып кеткен. Алайда, біраз уақыттан соң жүргізуші бағытын өзгертіп, есікті бекітіп, қала сыртына шығып кеткен. Көлікті бірден тоқтатып, жолаушыға бірден тап берген.
– Олар мені қарсыласпасын деп, тұншықтырды, - дейді бойжеткен.
Екі күдікті қызды жапан далада зорлаған. Артынша оны «Птицефабрика» ауданындағы бір үйге апарып, арам пиғылдарын жалғастырған.
Таңға жуық екі ер адам бойжеткенді үйіне жеткізіп тастаған. Зардап шегуші бірден полицияға жүгінген. Полиция күдіктілерді телефон нөмірлері бойынша бірден анықтаған. Тергеу кезінде бірден кінәларын мойындаған.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша іс қозғаған. Күдіктілер 9-12 жылға сотталуы керек еді. Бірақ тергеуші күдіктілерді «куәгер» ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберген.
– Өте ауыр бап бойынша айып тағылып отыр. Сондықтан күдіктілерге неге куәгер мәртебесін беріп, бостандықта қалдырғаны түсініксіз болып тұр, - дейді жәбірленушінің адвокаты Мереке Ғабдуалиев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық