InDrive және Яндекс қосымшаларына шектеу енгізілмек
Фото: trkelets.ru
Енді елімізде InDrive және Яндекс такси жүргізушілеріне 50 шақырымнан артық жүруге тыйым салынуы мүмкін.
Бұл туралы Көлік министірі Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте айтты.
Шектеу, әсіресе, екі қала арасында жиі қатынайтын «Альфард» көліктеріне қатысты болады. Мұндай шектеудің басты мақсаты қалалар арасындағы автобустардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
«Орташа жылдамдықты орнатуға қатысты енгізгелі жатқан норма автобус қызметтерінің қайта жандануына әсерін тигізеді деп ойлаймын. Қазір азаматтар inDrive немесе жеңіл автокөлікті құп көреді, өйткені жүргізушілер рұқсат етілген жылдамдықты асырып, тезірек жетеді. Орташа жылдамдық болғанда, А нүктесінен В нүктесіне жететін уақыт айырмашылығы соншалықты алшақ болмайды», – деді Қарабаев Үкіметте өткен брифингте.
Сонымен қатар такси қызметіне Face ID жүйесі енгізілуі де қарастырылуда. Жүргізушілер қосымшаға кіргенде алдымен Face ID идентификаторынан өтеді, содан кейін қосымшамен жұмыс істеу уақыты сегіз сағаттан аспауы тиіс. Сегіз сағаттық сапары аяқталған соң, «Яндекс Такси» қосымшасына қайта кіре алмайды. Осылайша такси жүргізушілерінің жұмысын қатаң бақылауға алу жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық