Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы мұнай өндіру компаниясындағы үлесін сатты
Фото: Fgroup.kz
Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі мұнай өндіретін компаниясын сатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеңес Рақышевке тиесілі Fincraft Resources өнеркәсіптік холдингі ARK Petroleum мұнай өндіруші компаниясындағы үлесін сатты. Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында 19 наурызда жарияланған құжатқа сәйкес, 12 наурыздан бастап Fincraft Resources «ARK Petroleum» ЖШС-нің 50% үлесіне иелік етпейді. Холдингтің негізгі активтері қатарында «SAT Nickel» ЖШС, «SAT Petrochemicals» ЖШС және «Ертіс» ферроникель комбинаты қалып отыр.
«ARK Petroleum» ЖШС 2023 жылдың маусымында құрылды – Маңғыстау облысындағы Шалва мұнай-газ кен орнын барлау құқығы үшін өткен сауда-саттықтың алдында.Аукционда жеңіске жеткен компания 112 шаршы шақырым аумақта көмірсутек іздеу құқығына ие болды.
Ал қазіргі иелеріне «Proxymunai» ЖШС (экс-мажіліс депутаты Серік Қонақбаев пен Шолпан Әбдукаримова бақылайды), «Hauling-1» ЖШС (Сабыр Қожахметов), «Центр-Энерго» ЖШС (Рахман Асамбаев – ол компаниядағы үлесін тікелей де иеленеді) жатады.
Сонымен қатар, 2024 жылғы мәлімет бойынша Сабыр Қожахметов Fincraft Resources компаниясымен тығыз байланысты болған. Ол акционерлік қоғам басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, «Ертіс» ферроникель комбинатының бақылау кеңесіне кірді және Battery Metals Technologies Ltd компаниясының атқарушы директоры болды.
Айта кетейік, Fincraft Group-тың мажоритарлық акционері Кеңес Рақышев Forbes Kazakhstan рейтингісінде 19-орында.Оның байлығы 435 миллион долларға бағаланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық