Иманғали Тасмағамбетов Ресейде ксенофобияның белең алғанын атап өтті
Фото: РИА
Иманғали Тасмағамбетов Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекет салдары Ресейдің ұлттық және көші-қон саясатына әсер етуі мүмкін екенін ескертті.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов лаңкестердің мақсаты Ресей үкіметі мен оның қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне үрей ұялатып, теріс көзқарас тудыру екенін атап өтті. Оның пікірінше, шабуылдаушылар Ресей мен Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасына нұқсан келтірмек болған.
«Егер Орталық Азия елдерінен келген еңбек мигранттарына қысым жасайтын қадамдар жасалса, бұл олардың жаппай кетуіне себеп болады. Мәселе, әрине, бұл жұмысшылардың объективті тапшылығы бар Ресей экономикасының жекелеген салаларына кері әсер етуінде ғана емес, ең алдымен, орталық Азия елдеріндегі орысфобиялық және антиресейлік көңіл-күйді ынталандырады»,- деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.
Ол ресейлік қоғамның бір бөлігінің реакциясы «екіжақты және көпжақты қарым-қатынастар аясында көші-қон саясатын үйлестіру процесіне барлық қатысушылардың белгілі бір кемшіліктеріне» себеп болғанын атап өтті.
Тасмағамбетов сондай-ақ Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетті қабылдау ұлттық жаңғырумен, Орталық Азия елдерінің қоғамдық өмірінің, тілі мен әдет-ғұрпының өзектілігімен байланысты деп санайды.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Одақ елдері жұртшылығына болған оқиғаның нақты мән-жайын түсіндіру үшін қосымша шаралар қабылдауды талап етуде. Ол Еуразия халықтары арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты сақтау үшін нәзік және ойластырылған саясатты енгізу қажеттігін айтады.
Қалыптасқан дағдарыс Орталық Азияның бірқатар елдерінде осындай проблемалар тудыруы мүмкін, деп түйіндеді Тасмағамбетов.
Жаңалықтар
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды