Иманбек Роза Рымбаеваның айтқан сынына жауап берді
Скриншот
Қазақстандық ди-джей Иманбек Роза Рымбаеваның шығармашылығы мен Грэмми сыйлығы туралы айтқан сынына жауап берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Instagram әлеуметтік желісіндегі effectiverecords парақшасы жүргізген тікелей эфирде жүргізуші Иманбекке Роза Рымбаеваның айтқан сынына көзқарасын сұрады.
– Біріншіден, ол ересек адам. Аға буын. Мен оны ешқашан жамандаған емеспін. Тіпті, дауласпаймын да, ол оның ойы. Мен тыңдап, оның айтқанын түсіндім. Бар болғаны осы, - деді Иманбек.
Еске салсақ, бұған дейін Роза Рымбаева өз сұхбатында жас танымал ди-джей туралы сөз қозғаған. Ол «Қазір қайда? Енді не болады?» деген.
– Біріншіден, оның жәй ғана жолы болды. Керек кезінде - керек жерден табылды. Оның жолы болып кетті. Ол кәсіби музыкант емес. Тек қана келген бақты ұстап алды, болды. Жәй ғана ритм мен стилін өзгерткен, оның барлығы компьютерде жасалады. Жазғаны ремикс ретінде бағаланды, ол автор, орындаушы немесе автор-өңдеушә емес. Жоқ, ол жәй ғана жылдамдықты күшейтті, содан балалар әні сияқты болып, оның ырғағы өзгерді, - деді Рымбаева сұхбатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық