Imanbek: Депутат болсам, елімізді күйретіп аламын ба деп қорқамын

cover

Grammy сыйлығына ұсынылған тұңғыш қазақ Imanbek президент алдында өнер көрсеткенде неден қысылды, ол басқа елге көшіп кеткісі келе ме немесе депутат болғысы келе ме?

ORDA. тілшісі америкалық әнші SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазылған ремиксімен дүниежүзін дүр сілкіндірген Ақсулық (Павлодар облысы) Иманбек Зейкеновпен (Imanbek Remix) сұхбаттасты.

Иманбек, сен дүниежүзіне танымал болып жатқаныңа қарамастан әлі де Ақсуда жүрсің бе? Шағын қалада сенің тынысың тарылмай ма?

«Менің ешқайда қоныс аударатын ойым болған емес. Рас, кейде мына кішкентай қала маған таршылық ететін кездер болады. Бірақ мен бұл жерден ешқайда кетпеймін».

Сенің ата-анаң немен айналысады, ол кісілер сенің шығармашылығыңа қарсы емес пе?

«Менің ата-анам өте қарапайым жандар. Әкем -  өрт сөндіруші, анам – жергілікті агенттіктердің бірінде мерекелік шара  ұйымдастырушы. Менің шығармашылығыма қарсы емес, өте байыппен қарайды».

Иманбектің жүрегін жаулап алған ару бар ма екен?

« Ия, менің жақсы көретін қызым бар»...

Иманбек биыл Павлодар университетіне ақылы бөлімге оқуға түскен екен. Өзінің айтуынша, бұл оқуға оның кереметтей ынтасы болмаса да "дипломсыз сен ешкім емессің" деген қағидатқа мойынсұнғанын жасырмай ашық айтты. Сонымен қатар ол сұхбат барысында өзінің бойындағы адами жақсы  қасиеттері бар екенін жар салып жаймай-ақ, қажет болған кезде қолынан келгенше аянбай көмектесе алатынын айтып өтті. Сөзінше, өмірде қысылған сәттері де болыпты.

«Астанада Жастар жылының жабылу салтанатына қатысқан кезде бір ыңғайсыз жай болды. Президенттің алдында қойылған концерт кезінде сахнада пультта ойнап тұрғандай болғаныммен, ол өтірік қимыл еді. Музыка фонмен беріліп тұрды. Бүкіл залдың, президенттің де көзі менде болды. Мен бұл өтіріктен қатты қысылдым, әйтеуір абырой болғанда Introvert тобының музыканты келіп менің орныма тұрып ары қарай жалғастырды. Сол қысылғанымды өмірі ұмытпаспын».

https://youtu.be/H1grG3PUe3Q

Қазір сенің атағың жер жарып тұр деуге болады. Саған телефон шалып хабарласудың өзі қиын екен. Қазір сенімен араласқысы, достасқысы келетіндер көбейген болар?

«Мен, әрине, Грэмми сыйлығына ұсынылам деп ойлаған емеспін. Бірақ дәл содан бір ай бұрын ғана мен телефонымды ауыстырған болатынмын. Оған дейін мені таппай жүргендерге мен Грэммиге ұсынылған соң жаңалары қосылды. Мен ескі сим-картамды телефоныма қосқанымда телефон үздіксіз шырылдады. Телефонды көтермесем де, ата-анама қоңырау шалып мені сұрап жатты. Мен бұдан қашып ауылға кетіп қалсам да, әкімдер мені ауылдан да тауып алды. Ауылда жүргенде Жастар орталығынан да келген екен, олармен де сұбхаттасудан бас тарттым».

https://youtu.be/ztyaFM7_Bbg

Саған облыс басшысы Сқақовтың өзі телефон нөмірін беріпті. Сен оған хабарластың ба? Шенеуніктерден басқа сенімен байланысқа шыққандар болды ма немесе сенің қасыңда жүріп сенің атағыңнан пайда тапқысы келгендер бар ма?

«Маған облыс әкімі телефонын бергені рас, бірақ мен оған хабарласқам жоқ. Хабарласпаймын да. Оның қажеті жоқ деп  ойлаймын. Ал шенеуніктерге келсек, менің телефонымды тауып алып байланысқа шыққандар болды. Құттықтай отырып бірдеңе керек болса, көмек керек болса хабарлас – деп  жатыр. Бірақ мен ондай көмек сұраудан аулақпын. Ондайға барған емеспін. Ал менің қасымда жүріп, менің атағымды пайдаланып, өздерінің істерін тындырып жүргендер бар... Атын атамай-ақ қояйын, өздері біледі».

Иманбекпен әңгімелескенде ұққанымыз ол елдегі саяси ахуалға немқұрайды қарамайтынын, бірақ саясатпен айналысу үшін соны түсінетін деңгей керектігіне мән береді екен. Ал музыканы депутат орындығына ешуақытта айырбастамайтыны да оның өз мүмкіндігін бағамдай алатынын байқатты.

«Мен музыканы депутаттыққа ешқашан айырбастамаған болар едім. Өйткені егер мен депутат болсам, онда мен елімізді тығырыққа тіреп, күйретіп алам ба? деп қорқамын» деді ол.

Дегенмен, сен  кімге еліктейсің, кімдей болғың келеді?

«Қазір мен сондай болсам екен деп еліктейтін адам әзірше жоқ. Бірақ болашақта менің жолым Дэн Билзеряндай болса деймін (күледі). Бұл мен үшін арман ғана, алайда мен дәл сондай болсам екен деп жоспарламаймын».

Егер сен Грэмми сыйлығын жеңіп алсаң не істер едің?

«Егер мен жеңіп шықсам, онда бұдан да есімдері әйгілі музыканттармен, музыка алыптарымен ынтымақтастық орнатар едім».

Сен концерттерге неліктен маска киіп шығасың?

«Пандемияға дейін мен үшін сахнаға DJ Project шығатын, оның басты себебі мен пультте ойнай алмаймын, енді үйреніп жүрмін. Пандемия аяқталған соң сахнаға мен өзім шығамын, маскамен шығып, концерттің ортасында маскамды шешіп, өзімнің бет бейнемді көрермендерге көрсетемін».

Сен өзіңнің болашағыңды Қазақстанмен байланыстырасың ба?

«Әрине. Менің болашағым Қазақстанда. Меніңше, музыка индустриясы үшін мекеніңді міндетті түрде шетелге ауыстырудың қажеті шамалы. Қазір бәрі интернет арқылы жасалуда. Ал гастроль қажет болса, шығып аралап келесің. Қазір көп адамдар Қазақстанда  бітіретін түк жоқ дейді. Бұл пікірмен келіспеймін. Электронды музыка үшін интернетке қосылған ноутбук болса – сол жеткілікті.

Сен тек шетелдік жұлдыздармен ғана өнер көрсетесің бе, олай дейтінім әйгілі жұлдыздар сенімен байланысқа өздері іздеп шығады  деп жатады. Ургант сені қалай тапты?

«Marshmello, Usher сияқты жұлдыздар менің менеджерім Кирилл Лупинос арқылы маған байланысқа шықты. Бұлардан басқа мен орындайтын тректер Rita Ora и David Guetta сияқты әншілермен болады. 2021 жылы ТМД елдері әншілерімен, оның ішінде ең бірінші кезеккте The Limba болатынын жеткізгім келеді. Ал Ургантпен кездескеніме келсек, ол да менеджерімнің маған берген хабарламасы арқылы арнаулы дайындықтан соң эфирде Урганпен сұхбатымызды өткіздік».

https://youtu.be/Hcy9TWzfqu0

Сенің Павлодар мен Ақсудағы ең жақсы көріп аралайтын жерлерің?

«Павлодардағы мен үшін ең жақсы жер - Batyr mall и Greenwich сауда кешендері. Бұл жерді барлық павлодарлықтар жақсы көреді. Бұған қоса мен «12 месяцев» деп аталатын құрылыс дүкендерін аралағанды, автомобильдердің қосалқы бөлшектерін сататын «Интеркомды» аралап сауда жасағанды ұнатамын. Кешкі мезгілде барлық  қалалықтар сияқты өзен жағалауында таза ауада серуендейміз. Ал Ақсуға келер болсақ, онда мен үшін ең жақсы жер деп бөліп атайтын жер жоқ, оның себебі – мен үшін бүкіл Ақсу ең жақсы жер!».

Сұхбаттасқан Карина Закарина

Аударған Баян Танатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар