Ертісбаев: Тасмағамбетов мінезіне байланысты президент бола алмады
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, Қазақстанның бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев Елбасының 2000 жылдардың ортасынан бері президент лауазымынан кету туралы ойлары болғаны туралы айтып берді.
«Ответь Бажкеновой» жаңа шығарылымында Ертісбаев Назарбаев президент болуға Тоқаевтан басқа да үміткерлер болғанын айтып берді.
– Тоқаев жалғыз үміткер емес еді. Басқа да адамдар болған. Бірінші кезекте, әрине, Тасмағамбетов. Тасмағамбетов президент көмекшісі де, сенімді адамы да, Атырау облысы мен Алматы әкімі де болған, – деді саясаткер.
Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов мінезіне байланысты президент бола алмады.
– Бұл жерде мінезі үлкен рөл атқарды. Тоқаевқа қарағанда Иманғали қатал және қамкөңіл. Психологиялық үйлесімділік деген термин бар. Бір кездері бәрі жақсы болды. Сосын бір жыл, екі, үш, бес, жеті жыл өтеді. Проблемалар пайда бола бастайды. Менмендік шығады. Алғашқы күдіктер пайда болады. Бұны түсіндіру өте қиын... Ең бастысы – бұл Назарбаевтың таңдауы! – деді Назарбаевтың экс-кеңесшісі.
Бұған дейін, Ертісбаев ұлтшылдардың кесірінен Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бұзылды деп айыптаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық