Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеме жасады
фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков
Әлеуметтік желіде Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың фейк аккаунттары пайда болды.
Stopfake.kz сайты хабарлағандай, Facebook пен Instagram желісінде Иманғали Тасмағамбетовтың атынан ашылған жалған парақшаларды кездестіруге болады. Бұл парақшаларға Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет қайраткерінің еш қатысы жоқ.
Мысалы, осы Instagram аккаунттарының бірі – tasmagambetov_official – 45 мыңнан астам жазылушы жинаса, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – мыңнан астам жазылушыны жинаған. Facebook те оның атынан парақшалар ашылған.
Иманғали Тасмағамбетов бұл аккаунттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеп, әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты:
– Құрметті достар! Әлеуметтік желілерде менің атымнан жалған аккаунттар мен фейк парақшалар пайда болған. Оларда арандатушылық сипаттағы материалдар орналастырылады. Әрине, бұл менің беделіме әсер етіп қана қоймайды. Сонымен қатар, интернет кеңістігіндегі әрбір адамның осалдығы мен қауіпсіздігін көрсетеді. Менің әлеуметтік желілерде ешқандай парақшам жоқ екенін мәлімдегім келеді. Ешқандай арандатушылыққа бой алдырмауға, жалған ақпарат таратуға үлес қоспауға шақырамын, – деді Тасмағамбетов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық