«Имам бала қағып өлтірді»: ҚМДБ оқиғаға қатысты жауап берді
Фото: freepik.com
Абай облысында бала қағып өлтірген имам туралы ҚМДБ жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқыс оқиға 14 қазан күні сағат 11:50 шамасында болған. Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық мешітінің имамы Ақжігітов Қайырбек абайсызда жеке көлігімен 11 жастағы қызды қағып кеткен. Өзінің және куәгерлердің айтуынша, имам көлік жылдамдығын сағатына 40 км/сағаттан асырмаған көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала жол жиегінде кетіп бара жатқанда иттің үргенінен шошып жолға жүгіріп шыққандығы айтылып жатыр. Сол сәтте жүргізуші Қайырбек имам көлікті тоқтатып үлгермеген. Оқиға болғаннан кейін имам қызды ауруханаға жеткізген. Өкінішке қарай жас қыз ауыр жарақаттан ота үстінде қайтыс болды.
«Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайырбек имам 10 жылдан аса уақыттан бері Үржар ауылдық мешітінде қызмет істеп келе жатыр» делінген ҚМДБ хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында 44 жастағы имам мектеп оқушысын қағып өлтіргені туралы хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- Иранның мұрагер ханзадасына Берлинде шабуыл жасалды
- Абай облысында мектеп есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты
- Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды
- Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгей берілді — ДДСҰ бас директоры
- Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
- «Центр плова Loft» кафесіндегі жарылыс: Тағы екі күдікті ұсталды
- Сауд Арабиясы Королі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалда қолдаған Тоқаевқа ризашылығын білдірді
- ҰҚК Қостанай облысында криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады
- 2025 жылғы MIVD есебі: Әлемде геосаяси қауіп күшейіп келеді
- Абай облысында шаруа қожалығының басшысы жоқ малға мемлекеттен 250 млн теңге алған
- Таразда«өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан әйелге сот үкімі шықты
- Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
- Қырғызстандағы Ельцин атындағы ҚРСУ кампусы Ресейде дау тудырды
- Қостанай облысында әйел TikTok пен Instagram-да есірткі дүкенін жарнамалаған
- Онколог ұйқының жетіспеуі қатерлі ісіктің дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді
- Еуроодақ Украинаға 90 миллиард еуро несие беретін болды