Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясының президенті бола алмады
Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының президенті болып Жанат Түсіпбеков алдағы төрт жылға қайта сайланды.
Федерациясының жаңа басшылығына үміткер ретінде әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин де түскен. Онымен бірге белгілі спорт жанашыры Гаджи Гадиев те үміткер атанған. Алайда дауыс беру нәтижесінде федерацияның бұрынғы басшысы Жанат Түсіпбеков қайта сайланды.
Дауыс беруге федерация өкілдері, құрама командалардың бас бапкерлері, мемлекеттік жаттықтырушы, аймақтардағы федерациялардың жетекшілері бастаған 27 адам қатысқан.
Жанат Рашидұлы Түсіпбеков Қарағанды облысының тумасы. Әкесі Рашид Түсіпбеков кезінде еліміздің бас прокуроры лауазымына екі рет тағайындалған. Кейін әділет министрі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарып, 2015 жылы Сенат депутаты болды. Жанат Түсіпбеков бірнеше жыл бойы ол «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ атқарушы директоры, бас директордың орынбасары, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры қызметтерінде болды. 2013 жылдан бері Ауыр атлетика федерациясына жетекшілік етіп келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық