Илья Ильин ауыр атлетика федерациясын басқаруға ниетті
Қазақстанның еңбек сіңірген ауыр атлеті Илья Ильин Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы президенттігіне кандидатурасын ұсынды.
25 қаңтарда Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде саланың түйткілді мәселелерін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, федерация екі жылдан бері «түсініксіз жағдайда» тұр, әлі президент жоқ.
- Бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кірген кезде жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен мәселелер болды, дау болды. Жігіт асылып өлген жағдай болды… Қиыншылықтар болғандықтан психологтар керек екенін барынша алға тарттым, команда қоюға міндеттіміз дедім. Сосын екіге, сосын үшке бөліндік. Жаттықтырушылармен сөйлесіп, спортымызға балта шаппау үшін жеті сағат бойы аймақтарды аралауға тура келді, - дейді спортшы.
Ильин жаттықтырушылар мен функционерлер бір команда болып жұмыс істеуі, федерацияның мәселелерін бірлесіп шешуі қажет екенін атап өтті. Ол Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа жүгінді.
- Мен дайынмын, командаммен федерацияны өз қолыма алуға дайынмын. Иә, менде миллиондар жоқ, мен бай адам емеспін, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдау көрсетіңіз, мақсат қойыңыз, Олимпиада чемпионын таңдайық. Инфрақұрылымды, жағдайды өзгерту керек, ол әрең тұр, - деп қорытындылады Ильин.
Асхат Оралов бұл мәселені бөлек талқылау керек деп қана жауап берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық