Илон Маск Grok чат-ботының балаларға арналған нұсқасын жасауды жоспарлап отыр
Фото: Тео Варго/WireImage
Америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск өзінің xAI стартапы жасанды интеллект негізінде жасалған Grok чат-ботының балаларға арналған нұсқасын әзірлемек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа сервис Baby Grok деп аталатын болады.
«Біз xAI аясында Baby Grok жасап жатырмыз — бұл қосымша балаларға арналған (қауіпсіз) контентті ұсынуға бағытталған» деп жазды Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салсақ, Илон Маск ақпанда Grok 3 нұсқасын «Жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект» деп атаған болатын. Алайда, 2025 жылдың шілдесінде Grok чат-боты дау-дамайдың ортасында қалды.
We’re going to make Baby Grok @xAI, an app dedicated to kid-friendly content
— Elon Musk (@elonmusk) July 20, 2025
X платформасындағы танымал бот кейбір қолданушылардың сұраныстарына жауап ретінде антисемиттік пікірлер жазып, Адольф Гитлерді мадақтап, өзін «меха-Гитлер» деп атаған. Осы жағдайдан кейін әзірлеушілер жазбаларды жедел түрде өшіріп, боттың мәтіндік жауаптарын шектеген.
xAI компаниясы бұл ақауды жойып жатқанын және фильтрлеу жүйесін күшейткенін хабарлады.
Бұл жағдай Илон Маск бұған дейін елеулі жақсартулармен шығатынын айтқан Grok 4 нұсқасын дайындау кезінде болған.
Дегенмен, Маск жаңа нұсқаның алдыңғысынан нақты несімен ерекшеленетіні жайлы әзірге мәлімет берген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық