Илон Маск бәс тігіп, Австралияда әлемдегі ең қуатты энергия жүйесін100 күнде орнатты
Миллиардер Илон Маск бәс тігіп, Австралияда әлемдегі ең қуатты энергия беретін станса орнатты.
Маск пен оның компаниясы Австралиядағы ең қуатты аккумулятор стансасын 100 күнде орнататындықтарына бәс тігеді. Олай болмаған күнде энергия сақтау жүйесі Австралия билігіне тегін берілуі керек еді. Маск бәсті жеңді, бірақ БАҚ оның қулығын ашып берді.
Миллиардер Илон Масктың Tesla компаниясы Оңтүстік Австралияда 100 МВт Powerpack ультра жоғары қуатты аккумулятор жүйесін орнату жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Қазір жергілікті билік зауыт жүйелерін сынақтан өткізуде. Соңғы қосу 1 желтоқсанға жоспарланған. Маск өз кезегінде Tesla қызметкерлерін жұмысты «рекордтық уақытта» аяқтауларымен құттықтады. Бірақ БАҚ миллиардердің қулыққа барғанын анықтады.
Бәс неден басталды?
Тесланың негізгі иесі наурыз айында Оңтүстік Австралия мен елдің федералды үкіметіне шарт қойды. Миллиардер онда 100 МВт-сағ электр энергиясын сақтау жүйесін салу арқылы мемлекеттің электр энергиясына қатысты мәселесін 100 күн ішінде шешуге уәде берді.
Жергілікті билік алдында тұрған мәселелер Оңтүстік Австралияның жаңартылатын энергия көздерін, ең алдымен жел диірмендері мен күн панельдерін қарқынды дамыта бастағанына байланысты туындады. Жергiлiктi бiлiк тыныш немесе бұлтты а-райында электр қуатымен қамтамасыз етуге қабылетті дәстүрлі энергия немесе сақтау қуаттарының үйлесімді дамуын қамтамасыз ете алмады. Сонын салдарынан 1,7 миллион тұрғыны бар мемлекеттің электр желісі жақында бұлтты жане желсіз күндерде бірнеше рет сөніп қалды.
Илон Маск не уәде етті?
9 наурызда Tesla компаниясының Энергетика жөніндегі вице-президенті Линдон Рив компания Оңтүстік Австралияның ауа-райына қарамастан электр қуатын ұстап тұруға жеткілікті 100-300 МВт-сағ батарея жүйесін орната алатынын айтты. Ол Невададағы (АҚШ) ұқсас, кішірек болса да Gigafactory жобасын жүзеге асыру үшін 100 күн қажет екенін атап өтті.
Ривтің мәлімдемесі бар жарияланымдар шыққаннан кейін австралиялық миллиардер және Atlassian IT-компаниясының негізін қалаушы Майк Кэннон-Брукс Twitter-де Масктың бұл идеяға қаншалықты дайын екенін екенін сұрады. Tesla иесі оның компаниясы келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін үш ай ішінде жүйені салуға немесе уәде орындалмаған күнде оны Австралия билігіне тегін беруге дайын екенін айтты. «Бұл шарт сізге жеткілікті ме?» — деп сұрады Маск. Осы твиттерден кейін Кэннон-Брукс мәселені мемлекеттік органдармен шешу үшін үзіліс жасап, көп ұзамай идеяны мақұлдап оралады.
Маск қулығы қалай жүзеге асты?
Илон Маск мемлекеттік органдар бәстің шарттарын бекіткеннен кейін 29 қыркүйекте жұмысқа кіріссе, уәде етілген 100 күнде орындай алар ма еді, белгісіз. Дегенмен, Mashable жұмыс ресми түрде басталған кезде жүйе жобалық қуаты 50 МВт, яғни жартылай жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Ресми түрде шарт орындалды, бірақ шын мәнінде Маск стансаны салуды олардың Кэннон-Брукспен бірлескен бастамасын ресми мақұлдамай тұрып бастағаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады