Илон Маск аяқ-асты ChatGPT әзірлеушісіне қарсы шағымын қайтып алды
Фото: David Swanson/Reuters
Америкалық кәсіпкер Илон Маск ChatGPT әзірлеушісі OpenAI мен оның бас директоры Сэм Альтманға қарсы сот ісін тоқтатты.
Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Маск ақпан айында Альтманға қарсы сотқа шағым түсірген болатын.
Маск пен Альтман 2015 жылы OpenAI негізін қалады. Алайда, компанияны басқару ісін қолға алғысы келген Маск Альтманмен келісе алмай, жобаны ары қарай қомақты қаржымен қаржыландырудан бас тартып компаниядан кетеді.
Масктың шағымында, Альтман мен OpenAI компаниясы адамзат игілігі үшін жұмыс істеу туралы «құрылтай келісімін» бұзды делінген. Оның сөзінше, Мicrosoft корпорациясымен серіктес болып, компанияны коммерциялық ұйымға айналдыру, сондай-ақ, технологияларды көпшілікке жария етпеу — келісімді бұзады.
Ал OpenAI мен Альтман «құрылтай келісімін» ешқашан жасамағанын айтты. Сонымен қатар Масктың компанияны коммерциялық бағытқа көшіру идеясын қолдайтын мәлімдеді. Осы жылдың наурыз айында OpenAI мен Альтман Масктың әрекетін «көреалмаушылық» деп айыптаған жазба жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық