Илья Ильин марқұм Альберт Линдердің өліміне қатысты пікір білдірді
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 25 жастағы ауыр атлет Альберт Линдердің өлімі туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
— Біз оның психологиялық жарақат алғанын түсіндік... Жігіттерімізді осылай жоғалтамыз. Мансабымыздан кейін біз ешкімге керек емес болып қаламыз. Өмірді қайтадан бастау керек болады. Ал сенің қолыңнан зілтемірді көтеруден басқа ештеңе келмейді. Өте аянышты, – деді Ильин.
Ильин мансабын аяқтаған спортшы жігіттерге көңіл бөлу қажеттігін, оларды психологиялық тұрғыдан тығырыққа тірелуі мүмкін екеніне назар аудартты.
— Менің жанымда ішіп, құр бос отырған, дұрыс жолда жүрмей, осындай жағдайдан шыға алмай жүрген балалар бар. Ақша жоқ, жұмыс жоқ, не істеу керектігін білмейсің. Спортшылар өз проблемаларымен өздері қалады. Содан кейін де осындай қайғылы жағдайлар орын алады.
Бір-бірімізге мұқият болайық, мансапты аяқтаған спортшыларға көңіл бөлейік. Олардың көпшілігі дарынды балалар. Оларға көмектесейік, оларға назар аударайық, – деді Ильин.
Еске салсақ, 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер өзіне қол жұмсап көз жұмды. Болған оқиғаға байланысты Алматы облысының полиция департаменті ҚР ҚК-ның 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық