ІІМ жүргізушілерді алыс жолға шықпауға шақырды
Сурет: ҚР ТЖМ
Ауа- райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден жолға шықпау сұралды. Полицейлер жүргізушілер мұндай жағдайлардың маңыздылығын түсінбей, өз жеке бастары ғана емес, жолаушылар үшін де жауапкершілікті ұмытып кететінін атап өтті.
ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев халықты келеңсіздіктерге жол бермеуге шақырды.
— Жекелеген жүргізушілер полиция бекеттеріндегі қозғалыс шектеулеріне мән бермей, ауа райының қолайсыз кезінде қауіпті аймақтарға шығып, өздерінің және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Көп жағдайда олардың көліктері қар жолақтарында тұрып қалады, оларды құтқару үшін полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері тәуекелге барып, қаражат жұмсауға мәжбүр, - деді Сұлтанбаев.
Ол соңғы күндері жүргізушілердің полицейлердің талабын орындаудан бас тартқанына бірнеше мысал келтірді.
— 4 және 5 қаңтарда Қарағанды облысының Балқаш қаласының аумағында ауа райының қолайсыздығынан жабылған жол учаскесінде 400-ден астам көлікке 1,5 мың адам жиналды. Бұл ретте сол учаскеде қар құрсауында жүріп өту қабілеті жоғары 5 көлік те тұрып, барлығы кері қайтты. Осындай жағдайларға қарамастан, кейбір жүргізушілер полицейлер мен әкімдіктің заңды талаптарын ескермей, дөрекі және өрескел әрекет етіп, тіпті күш қолдануға дейін барып, балағат сөздерге жол берген. Жол жиегіне шығып өтпек болған Hyundai Creta жүргізушісіне қатысты полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша хаттама толтырылды. Қазір іс әкімшілік сотқа жіберілді, - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
Абай ауданында да екі жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, тас жолдың жабық қауіпті бөлігіне шығып кеткені үшін әкімшілік хаттама алды.
— Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны, тас жолдарға шығатын бөлікті жауып тастағаны үшін көлік жүргізушілеріне белгіленген әкімшілік жауапкершілікті еске салғым келеді. Ондай жағдайда 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде және 15 күнге дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген, - деді Сұлтанбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық