ІІМ бір апта ішінде іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады
ІІМ жедел уәкілдері 19-27 ақпан аралығында ел аумағында іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады. Оның 17-сі шетелдік әріптестерінің сұрауы бойынша құрықталған.
Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол 2018 жылы Алматыда топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтірген. Оның екі сыбайласы бұрын ұсталып, сотталған.
Түркістан облысында "Жібек жолы" бекетінде шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол 2016 жылы өзінің сыбайласымен бірге Ресей Федерациясының Мәскеу облысында үш адамды өлтірген.
Жамбыл облысында көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен аса ірі мөлшерде пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде жүрген тағы бір өзбекстандық ұсталды.
Қызылордада адам ұрлады деп күдікке ілінген ер адам құрықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскөй 1996 жылы бірнеше адаммен бірге екі адамға күш қолданып, оларды көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Бұл қылмысқа қатысы бар тағы бір қылмыскер бұған дейін ұсталған болатын.
Шымкентте полицейлер жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам танысын арзан бағада жанармай жеткіземін деп алдап, оның ақшасын иемденген. Келтірілген шығын 18 млн теңгеге жуық.
Алматы облысында шетелдік азаматты ұрып-соғып, оны пышақпен жарақаттаған екі ер адам ұсталды.
Барлық қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұдан бөлек, республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық