ІІМ балалар арасында тараған суицид мәселісіне дабыл қақты
Фото: freepik.com
ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев брифингте оқушылар арасында тараған қауіпті ойындар туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресми өкілдің мәліметінше, жыл басынан бері мониторинг нәтижесінде суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталған.
«Олар бойынша ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға, яғни мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілді. Соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралып жатыр. Мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейді, бірақ онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін», - дейді Шыңғыс Әлекешев.
Ресми өкіл балалардың суицид жасау себебі егжей-тегжей зерттеліп жатқанын айтты.
«Жалпы, суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесінде ғана белгілі болады. Суицид жасау және соған әрекеттенген 14 бала мас күйде болған. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің бір жағдайында жасөспірім есірткіге масаң күйде болған.Талдау көрсеткендей, көп жағдайда 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер суицидке оқталады», - дейді ресми өкіл.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық