ІІМ азаматтардың телефонын тексеру бойынша мәлімдеме жасады

cover фото: ДП Алматы

Ішкі істер министрлігі азаматтардың телефондарын сот шешімінсіз тексерудің заңсыз екенін жариялады.

– Ішкі істер министрлігі азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот санкциясынсыз тексеруге тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдейді, - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ішкі қауіпсіздік департаментіне «азаматтардан полиция қызметкерлерінің әрекетіне, оның ішінде ұялы телефондарды негізсіз тексеру және ұстау фактілері бойынша келіп түсетін арыз-шағымдарды мұқият тексеруді тапсырғаны атап өтілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар