ІІМ Алматы академиясы базасында жаңа арнайы факультеттер ашылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясына барды. Бұл жолғы сапардың мақсаты №1 факультет – басшылық құрамды даярлау және №2 факультет – ішкі істер органдарының орта басшы құрамын даярлау факультеттерінің ашылуымен ұштастырылды.
«Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін дайындау және арттыру туралы тапсырмасы аясында полиция басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларынан бастап аумақтық полиция департаменттерінің бастықтарына дейінгі басшы құрам лауазымдарына барлық тағайындаулар, сондай-ақ Президенттік кадр резервіне кандидаттарды қабылдау көрсетілген факультеттерде оқудан өткеннен кейін ғана жүргізілетін болады», – деп хабарлады министр Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу кезінде.
Ведомство басшысының мәліметінше, тыңдаушылардың бірінші легі 29 наурызда өтпек.

Министрге ғылым, білім және полицияның практикалық қызметін интеграциялау мақсатында Академияда ғылыми-зерттеу институтын құру жобасы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық, стратегиялық даму, идеологиялық және имидждік жұмысты жобалық басқару бөлімдері таныстырылды.
«Бұл өзгерістердің барлығы ішкі істер органдарын реформалау шеңберінде жүзеге асырылуда. Ведомстволық білім беруді дамытуға баса назар аудара отырып, біз жаңа форматтағы кадрлар даярлаудың іргетасын қалаймыз. Алматы Академиясы қызметінің басым бағыты заманауи талаптарға жауап беретін жоғары білікті қызметкерлерді даярлау болады», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
«Дәріскерлер пулына ІІМ орталық аппаратының басшылары, ІІО ардагерлері, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері кіреді. Министрге ғылым, білім және полицияның практикалық қызметін интеграциялауды көздейтін ғылыми-зерттеу институтын құру жобасы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық, стратегиялық даму, идеологиялық және имидждік жұмысты жобалық басқару бөлімдері таныстырылды», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық