Хуторлықтар жайлы сұхбат берген адамды жындыханаға әкетті

cover Фото: Бейнеден кадр

Хуторлықтар жайлы «Обожаю» youtube арнасына сұхбат берген адамды жындыханаға алып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Талғардағы қаза болған 16 жасар баланың өлімінен кейін, хуторлық ұйымдасқан қылмыстық топ бар екені жайлы қаңқу сөз таралып кетті. Кейін журналистер Талғарға барып, тұрғындардан сұхбат ала бастады. Асхат Ниязов та осы жайлы саралап көрген болатын.

Бүгін «Обожаю» телеграм арнасы осы бағдарламада сұхбат берген адамды ұстап, жындыханаға алып кеткені жайлы хабарлады.

Еске сала кетейік, бұл шудан соң күдікті ретінде кейінірек ұсталғандардың бірінің анасы Қазакенова Лейла бейнеүндеу жасап, баласының оқиға орнында болмағанын айтты. Оның айтуынша БАҚ-та тараған 13 адам деген сөзге бола, адам санын толтыру үшін оның баласы мен досын ұстап әкеткен.

Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Аисов 15 қазан брифинг өткізген. Ұсталғандардың кімдер екенін сол брифингте айтып берген еді. 

Шерзаттың үйі  өртенген түні болған бар оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар