Хуторлықтар мен биліктегі көлеңкелі күштер: Қылмыстық топ туралы жаңа деректер мәлім болды
Фото: instagram / nurkias1998.08
Талғар ауданында болған Шерзат Полаттың өлімі үлкен резонанс туғызды. Журналист Асхат Ниязов марқұмның отбасына жақын досымен сұхбат жүргізіп, ауылдағы жағдай туралы ашық деректер жинады. Еркен есімді ауыл тұрғыны, осы оқиғалардың ортасында жүргенін айтып, өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топ ұзақ уақыттан бері ауылда өз билігін жүргізіп келеді. Олар тек Шерзаттың өліміне ғана емес, бұрын да бірнеше қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген.
«Бұл топтың бұрынғы әрекеттеріне қарасақ, 2012 жылы болған төбелесте бір адамды өлтіргендері бар. Олар сол кезде шартты мерзіммен құтылған еді», — деп баяндады Еркен.
Бұрынғы қылмыстар және қылмыстық топ әрекеті
Еркеннің айтуынша, ауылдағы қылмыстық топтың ықпалы көп жерде сезіледі.
«Олар біздің ауылдың айналасында бірнеше жер учаскесін иеленіп алған, ал артында тұрған адамдар — ықпалды тұлғалар», — деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, «Хуторлықтар» ауылдағы жастарды өз қатарларына тартып, оларды қылмыс жасауға итермелеуде. 2016 жылы әлеуметтік желілерде жарияланған суреттер де олардың әрекеттерін дәлелдей түседі.
Құзыретті органдар мен халықтың сенімі
Осы оқиғаларға байланысты куәгер ауыл тұрғындарының құқық қорғау органдарына сенімінің азайғанын жеткізді.
«Бірнеше рет тұрғындар прокуратураға шағымданғысы келді, бірақ олардың бәрі қорқып, өздерін қорғаудан бас тартты», — дейді Еркен.
Оның айтуынша, жергілікті билік өкілдері мен құқық қорғау органдары да бұл топқа қарсы әрекет жасамай отырған секілді.
Еркен ауылдағы басқа да қылмыстар туралы айтып берді. Бірнеше жыл бұрын дәл осы топ ауыл тұрғынын ұрып-соғып, нәтижесінде ол адам қайтыс болған. Тергеу кезінде бұл жағдай «эпилепсия» деп қорытындыланып, іс жабылған. Мұндай оқиғалар ауыл тұрғындарының құқықтық жүйеге деген сенімін түсіріп, «Хуторлықтардың» бақылауында екенін көрсетеді.
Ауылдағы жағдай
Еркеннің айтуынша, ауылда бұрын мұндай қылмыстық топтар болған емес.
«Біздің ауылдың адамдары бір-бірімен ашық, адал сөйлесетін. Қандай да бір дау болса, шешімін әділ табуға тырысатын. Қазір мұндай емес», — деп нақтылады ол.
Еркен осы мәселелерді шешу үшін билікке жүгінгенімен, қорқыныштың ауыл тұрғындарын тежеп отырғанын айтты.
Еске сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда жаппай төбелес орын алып, сол оқиға кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды, тағы екі адам дене жарақатын алды. Кейіннен марқұмның туыстары барлық кінәлілерді тауып, әділ жаза беруді сұрады. 8 қазанда кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
12 қазанға қараған түні марқұм болған жасөспірімнің отбасының үйі өртеніп кетті. Осы оқиғадан кейін жедел штаб құрылып, отбасы қорғауға алынды. Сол күні Талғарға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов келді.
Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша күдіктілер саны 11 адамға дейін өскені белгілі болды.
Талғар ауданында әрекет ететін «Хуторлықтар» атты ұйымдастан қылмыстық топтың бар екенін жергілікті тұрғындар растаса да, полицияның бұл топтың бар екенін мойындамай отырғаны туралы хабарланған болатын. Қылмыстық топтың ықтимал жетекшісі Хасан Қасымбаев деп аталып отыр. Алайда, бұл мәселенің түпкі себебі жергілікті құқық қорғау органдарының өзінен де болуы мүмкін.
Шерзат Полат ісі аясында Талғар ауданында бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Алматы облысы полиция департаментіне жаңа басшы — Мейрам Әбікев тағайындалды, ал Талғар ауданы полиция басқармасының басшысы Нұржан Күнтүнов және басқа да басқарма жетекшілері қызметтерінен босатылды. Сонымен қатар, Талғар ауданының әкімі және аудандық әкімдік аппаратының басшысы, Хуторлық топтың болжамды жетекшісі Хасан Қасымбаевтың ағасы деп танылған тұлға да отставкаға кетті. ІІМ басшысы Ержан Саденов жедел тергеу тобының жұмысын тыңдап, нақты тапсырмалар берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық