«Хуторлық» Хасан ісі: сотта жәбірленуші оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: Orda.kz
Талғар қаласында өтіп жатқан Хасан Қасымбаевтың сотында жәбірленуші Арман Әлімов жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Арман Әлімовтің айтуынша, оқиға 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданында болған атыстан басталған. Сол атыста Ғалымжанов Мадияр жарақат алған. Осыдан кейін Хасан Қасымбаевтың інісі Ержан Қасымбаев Әлімовке хабарласып, атысқа қатысы бар-жоғын сұраған.
«2021 жылдың жазында топтың басшысы Ғалымжанов Мадияр мен Қалмұратов Талғат жаттығудан қайтып келе жатқанда оларға шабуыл жасады. Оқиғадан кейін мен ауруханаға бардым. Ол маған барлық жағдайды айтып берді. Осыдан соң екі апта бойы белгісіз көлік мені аңдып жүрді. Кейін дүкенде бес адам шабуыл жасады. Мадияр қолын беріп амандасты да, бірден соққы жасады. Қол жұмсап, тепкілегенін көрдім, есімнен танып қалдым. Есімді жисам, көліктің артында отыр екенмін. Руслан Әлиев аяғымнан, Сайлау Ақтанов басымнан, ал Ғалымжанов денемнен ұстап тұрды. Қолдарында ағаш және темір шоқпарлар болды», – деді ол.
Жәбірленушінің сөзінше, оны қаланың шетіне алып барып, жауап алған.
«Олар Қасымбаевқа қоңырау шалды. Хасан түсірілім жасауға бұйрық берді. Кешке қарай ол «Toyota Prado» автокөлігімен келіп, терезеден ғана сөйлесті. Кейін көмекшім арқылы хабарласып, сол жерден әрең құтылдым», – деді Әлімов.
Ол сондай-ақ Қасымбаевпен жеке кикілжіңі болғанын айтты.
«Ол мені бірнеше рет кездесуге шақырды. Мен «авторитет емессің» деп бас тарттым. Осыдан кейін аңду мен шабуыл басталды. Атысқа еш қатысым жоқ. Олар қателесті», – деді жәбірленуші.
Сотта ол денсаулығына келген зиянды: қазіргі таңда оның оң көзі көрмейтінін, бүйрегі мен өкпесіне зақым келгенін, қабырғалары сынғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Ерлан Құланбаев айыптау актісін оқып, Қасымбаев пен оның серіктестері оқиға күні не істегенін баяндаған. Алайда Хасан Қасымбаев тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық