"Нұр Отан" күдікті ретінде қамауға алынған депутатты партиядан шығарды
Күдікті ретінде қамауға алынған Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Ни "Нұр-Отан" партиясынан шығарылды. Бұл ақпаратты партияның Ақтөбе облыстық филиалы хабарлады.
"Мәслихат депутаты Аркадий Ни заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталған соң партиялық бақылау комиссиясы оны партия билетінен айыру мәселесін қарауды ұсынды. Облыстық саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни партия қатарынан шығарылды" делінген партия филиалының хабарламасында.
Ақтөбе облысының полиция департаменті Tengrinews.kz сайтына Аркадий Нидің жеке тұлғаға қатысты қылмыс жасағанын айтқан.
"Жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасағаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты (ред. департамент депутаттың аты-жөнін атамаған) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына (ұстап алу негіздері) сай, Ақтөбедегі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, өзге ақпаратты жариялай алмаймыз" делінген Tengrinews.kz сайты таратқан полиция департаментінің хабарламасында.
Ниге нақты қандай бап бойынша айып тағылғаны әлі белгісіз.
Кеше әлеуметтік желілерде және бірқатар БАҚ-та Нидің 16 жасқа толмаған азаматпен жыныстық қатынас жасады деген күдікпен ұсталғаны хабарлаған. Алайда ресми орындар бұл ақпаратты әлі растамады, жоққа да шығарған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық