Хромтаудағы шахтада жарылыс болды: зардап шеккендер бар
Фото: Pixabay.com
Хромтаудағы шахтада төтенше жағдай болды. ТЖМ зардап шеккендер барын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 28 ақпан күні Ақтөбе облысы ТЖД-ға шахтадағы жарылыс туралы шақыру келіп түскен. Тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауада қысқа мерзімді тұтану пайда болған. Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.
«Зардап шеккендердің екеуі травматологиялық бөлімге жатқызылды. Біреуі үйге жіберілді. Ал біреуінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр. Тексеріс аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқиға болған кезде шахтада 228 қызметкер болған. Барлық қызметкерлер жер бетіне шығарылды.
ТЖД дағдарыс орталығында жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. ТЖД-да жедел желі телефоны ашылды. Алайда ешқандай қоңыраулар түскен жоқ.
Жаңалықтар
- Астананың бір көшесі жыл соңына дейін жабық болады
- «Ежелгі дәуірден бүгінге дейін»: Ел тарихын баяндайтын жеті томдық академиялық еңбек дайын
- Air Astana-дағы миллиардтық ұрлық: Апелляция үкімді өзгертпеді
- Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қосылады
- Қытайда тау беткейі опырылып, сегіз адам қаза тапты
- Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?
- Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың радарлары мен ұшақтарына соққы жасады
- 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылады
- «Қайрат» клубы мәлімдеме жасады: Канье Уэсттің концерті келісілмеген
- Не себепті Қазақстан банктері зейнеткерлерге несие беру рәсімін күрделендірді?
- Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысып, сөз сөйледі
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады