ХҚКО-ға ЖСН алу үшін 200 мыңға жуық шетелдік өтінім берген
21 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының резиденті емес азаматтар ЖСН алуға 200 мыңға жуық өтінім берді, әзірге ресейліктер бойынша нақты сан жоқ, деп хабарлады мәжіліс отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Әсет Тұрысов.
— Мұнда іс жүргізгісі келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін кез – келген шетелдік азамат банктік шот ашады, ол ЖСН алуға міндетті,-деп еске салды вице-министр.
Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте жұмылдыру туралы жариялағаннан кейін, әскерге шақыру жасындағы ресейліктер елден қашып кетті. Негізгі ағын Қазақстанға ағылды және нәтижесінде Қазақстан-Ресей шекарасында көп шақырымдық кезектер пайда болды. ІІМ мәліметтері бойынша, 21 қыркүйектен 4 қазанға дейін республикаға 200 мыңнан астам ресейліктер келді, оның ішінде 147 мың адам Қазақстаннан шығып үлгерді.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан Ресейге жұмылдырудан қашқандарды қылмыстық іс жүргізілмейінше бермейтінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық