ХОК басшысы Томас Бах қайта сайланудан бас тартты
Фото: Olympic.kz
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах президенттік мерзімін ұзарту үшін Олимпиада хартиясына өзгерістер енгізбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Парижде өткен ХОК сессиясында айтты.
10 тамызда Парижде өткен ХОК 142-ші сессиясында Томас Бах 2025 жылы қызметінен кететінін мәлімдеді. «Жаңа уақыт жаңа көшбасшыларды қажет етеді», - деді ол.
Олимпиада хартиясына сәйкес, президенттің өкілеттік мерзімі ең көбі он екі жылмен шектеледі. Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетін 2013 жылдан бері басқарып келеді. Мумбайда өткен ХОК сессиясында ұйымның бірнеше мүшесі Бахтың жаңа мерзімге сайлануына мүмкіндік беретін Олимпиада хартиясына түзету енгізуді ұсынды.
«Отбасыммен ақылдасып, талқылаудан кейін мен мандатымды мерзімінен асырмау керек деген қорытындыға келдім», - деді 70 жастағы Томас Бах Парижде ұйымның сессиясында.
Ол жасына байланысты өзін «мықты капитан» ретінде сезінбейтінін айтты.
ХОК жаңа президентін сайлау ұйымның 2025 жылдың наурыз айында Грекияда өтетін 143-сессиясында өтеді. Бұл лауазымға үміткер болу ниетін әлі ешкім жариялаған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық