«Хезболла» Израильдің солтүстігіне ондаған зымыран ұшырды

cover Сурет: ЦАХАЛ

Ливандық «Хезболла» қозғалысы Израиль артиллериясы позицияларына ондаған зымыран атқылағанын растады, - деп хабарлайды Orda.kz The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

Бұған жауап ретінде Израильдің жойғыш ұшақтары Ливанның оңтүстігіндегі Хезболла базаларына шабуыл жасады, деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше, жұма күні Ливаннан 40-тан астам зымыран ұшырылған. ЦАХАЛ атқылау ошақтарына соққы беру арқылы жауап берді, дейді әскерилер.

Зымыран шабуылы салдарынан Израильде ешкім зардап шекпеген.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар