Хасан Қасымбаевтың сотында бейнематериалдарды зерттеу басталды
Фото: kris_p_talgar
Алматы облысының Талғар қалалық сотында Хасан Қасымбаевтың бейнекамераға түскен материалдарын зерттеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот залында айыпталушылардың Арман Әлімовті қалай соққыға жыққаны түскен бейнематериалдар қаралып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін айыпталушыларға прокурор Ерлан Құланбаев айыптау актісін оқыған болатын. Жалпы екі жәбірленуші бар.
Ол Қасымбаевтың жеке адамға және мүлікке қатысты ауыр қылмыс жасағанын мәлімдеді.
«Тергеу деректеріне сәйкес, Қасымбаев пен сыбайластары кәсіпкер Әріпжан Тәжиевтен ақша бопсалау мақсатында оған күш қолданған. Олар жәбірленушіні алдап алып шығып, соққыға жығып, 1 миллион теңге талап еткен. Салдарынан Тәжиев ауыр жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген», – деді прокурор.
Ал өзіне тағылған айыптарды Хасан Қасымбаев жоққа шығарды.
Тағы бір жәбірленуші Арман Әлімов өз нұсқасын айтқан болатын.
«2021 жылдың жазында топтың басшысы Ғалымжанов Мадияр мен Қалмұратов Талғат жаттығудан қайтып келе жатқанда оларға шабуыл жасады. Оқиғадан кейін мен ауруханаға бардым. Ол маған барлық жағдайды айтып берді. Осыдан соң екі апта бойы белгісіз көлік мені аңдып жүрді. Кейін дүкенде бес адам шабуыл жасады. Мадияр қолын беріп амандасты да, бірден соққы жасады. Қол жұмсап, тепкіледі, есімнен танып қалдым. Есімді жисам, көліктің артында отыр екенмін. Руслан Әлиев аяғымнан, Сайлау Ақтанов басымнан, ал Ғалымжанов денемнен ұстап тұрды. Қолдарында ағаш және темір шоқпарлар болды», – деді ол.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы істен кейін Хасан Қасымбаевтың аты аталып, оны «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың басшысы деген сөз тарады. Бұл жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған. Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Хасан Қасымбаев: «менің арым таза, заң бұзған жоқпын» деген еді. Алайда 4 қараша күні ол қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды. Тергеу шілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау актісін бекітіп, істі сотқа жіберді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық